Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін қанша ақша алады?

27.08.2021, 16:57
Бірақ бұл ақша еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін беріледі.
Жарнама
Жарнама

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін 3 миллион еуроға жуық табыс тапты, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Конференция лигасының топтық кезеңіне берілетін жолдаманы иеленгені үшін "Қайрат" УЕФА-дан шамамен 2,94 миллион еуро сыйақы алады. Топтық кезеңде командаларға келесідей төлемдер қарастырылған: әр жеңіске - 500 мың еуро, тең ойынға - 165 мың еуро. Топ жеңімпазына тағы 650 мың еуро беріледі; ал екінші орын алған команда 325 мың еуроны қалтасына басады.

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" плей-офф кезеңінде люксембургтік "Фоланы" екі матчтың қорытындысы бойынша 7:2 есебімен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров