«Қайрат» футбол клубы коронавирус жұқтырған Нұрәлі Әліп пен Сұлтанбек Астановтың хал-жағдайы туралы хабарлады.
"Нұралы Әліп пен Сұлтанбек Астанов ұлттық құрама сапында жүрген кезде тапсырған COVID-19 тестінде оң нәтиже көрсетті. Қазір футболшылар ұлттық құрамадан оқшауланды. Футболшылардың денсаулығы жақсы, дәрігерлердің қарауында", - делінген хабарламада.
Осылайша, Нұралы Әліп Қазақстанның Албания мен Беларусь құрамасына қарсы матчтарына қатыса алмады. Екі футболшы да 14 күнге оқшауланды.
Біздің серіктес: FONBET