Жарнама
Жарнама

«Қайрат-Мәскеу» клубының Ресей чемпионатындағы ойындарының күнтізбесі жарияланды

07.07.2021, 21:48
Алғашқы ойын 18 шілдеге жоспарланған.
Жарнама
Жарнама

Ресей кәсіпқой футбол лигасы (ПФЛ) "Қайрат-Мәскеу" клубы қатысуымен өтетін чемпионаттың 2021/22 жылғы маусымға арналған күнтізбесін жариялады.

"Қайрат-Мәскеу" турнирді "Ленинградец" клубына қарсы сырт алаңдағы матчтан бастайды. Бұл ойын 18 шілдеде өтеді.

Алматылық "Қайраттың" тобында бұдан басқа 8 команда бар: "Тверь" (Тверь, 18 қыркүйек), "КраСава" (Одинцово, 10 қыркүйек), "Смоленск" (Смоленск, 24 шілде), "Динамо" (Санкт-Петербург, 29 тамыз), "Балтика-БФУ" (Калининград, 1 тамыз), "Звезда" (Санкт-Петербург, 21 тамыз), "Луки-Энергия" (Великие Луки, 7 тамыз) және "Зенит-2" (Санкт-Петербург, 15 тамыз), "Чита" (14 қыркүйек).



Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат-Мәскеудің" негізін "Қайрат-Жастар" жастар командасының футболшылары құрауы керек. Команданың құрамына мәскеулік ЦСКА-ның үш футболшысы қосылды.

Команда Мәскеу облысында, Красногорск қаласына орналасатын болады. Ойындар мен жаттығулар "Зоркий" стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров