Жарнама
Жарнама

«Қайрат-Мәскеу» ЦСКА-ның үш бірдей тәрбиеленушісін қатарға қосты

08.07.2021, 03:38
Ережеге сәйкес, «Қайрат-Мәскеу» сапында 8 ресейлік футболшы болу керек екен.
Жарнама
Жарнама

Мәскеулік ЦСКА командасы өзінің үш тәрбиеленушісін «Қайрат-Мәскеу» клубына жібергенін жариялады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

19 жастағы орталық жартылай қорғаушы Антон Крачковский, 19 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Андрей Савинов және 19 жастағы вингер Сергей Пряхин «Қайрат Мәскеу» клубына жалға берілді.

Айта кетейік, ФНЛ-2 деп аталатын үшінші ресейлік дивизионның ережелеріне сәйкес, команданың өтінімінде Ресей азаматтығы бар 8 ойыншы болуы керек.

«Қайрат-Мәскеу» алғашқы кездесуін 18 шілдеде сырт алаңда «Ленинградец» клубына қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров