Жарнама
Жарнама

Қайрат Нұрдәулетов: «Алдағы мақсатымыз – екі ойында да жеңіске жету»

19.03.2022, 20:13
Жастарымыз алдағы онкүндікте екі матч өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов өз командасының алдағы Қырғызстан мен Шотландия құрамаларына қарсы матчтарға дайындығы туралы айтты.

- Менің ойымша, дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Біз үшін барлық жағдай жасалған. Барлық ойыншылар командаға қосылды, тек Мәскеудегі Широбоков пен литвалық «Жальгиристегі» Қашкен қиындыққа тап болды, олар ертең немесе арғы күні келуі керек. Жалпы, бәрі жақсы өтіп жатыр және жігіттердің көңіл-күйі керемет, барлығы матчқа дайын деп ойлаймын. Алдағы мақсатымыз – екі ойында да жеңіске жету. Алғашқы ойынымызды Қырғызстан құрамасымен өткіземіз. Бұл ойынды Шотландияға қарсы матчқа дайындық деп санаймыз. Бұл кездесуде біз жаңа тактикаларды қолданып, жігіттерге қалай әрекет ету керектігін түсіндіреміз. Жалпы, қазіргі уақытта Шотландия құрамасымен ойын басты міндеттердің бірі болып саналады, сондықтан бұл кездесуге жақсылап дайындаламыз деген үміттемін. Чемпионатымыз енді ғана басталды, дайындық жақсы жүріп жатыр, өйткені біздің ойыншылар тұрақты түрде ойнап жүр. Нақтырақ айтсам, жастар құрамасының төрт-бес ойыншысы «Қайрат» пен «Тараздың» негізгі құрамында доп тебуде. Ойынға дейін сегіз күн бар, сондықтан осы күндерді дайындыққа арнап, жігіттердің рухын көтеріп, Шотландия құрамасын жан-жақты саралап алғымыз келеді. Жалпы, жігіттердің жағдайы жақсы, бірақ дайындық процесі енді ғана басталды. Қалай болатынын көре жатармыз.

– Ойыншылардың физикалық дайындығына көңіліңіз тола ма?

- Маусымның басында жігіттер оқу-жаттығу жиынында болды және біраз командада ойыншыларымызға көбірек мүмкіндік берілуде, оны өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Сондай-ақ жаңа маусымда көптеген голдарды біздің жастар құрамасының ойыншылары соғуда, сондықтан бұл бізге алдағы ойындарда септігін тигізеді деп ойлаймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров