Жарнама
Жарнама

Қайрат Нұрдәулетов: «Ойын көңілден шыққан жоқ»

09.10.2021, 17:19
Жастарымыз үш матч өткізіп, үшеуінде де жеңілді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Бельгиямен болған матчты (2:0) қорытындылады:

- Өзіміздің қателігімізден кейін қақпамызға гол жіберіп алдық. Жас балалардың қателігі деп санаймын. Екінші гол да оңай соғылды. Ойын көңілден шыққан жоқ. Бұл матчқа мүлдем басқаша дайындалған едік. Мүмкін бапкерлер тарапынан да қателік болған шығар. Ойын басталғаннан-ақ дұрыс ойнай алмадық. Жартылай қорғаушылар да тактикаға сай ойнаған жоқ. Шыны керек, Бельгияның деңгейі бізге қарағанда жоғары. Сондықтан біз өз тактикамыз бойынша ойнағымыз келіп еді. Әркім өз позициясын ұстауы керек еді. Кейбір сәттерде бұл жігіттердің есінен шығып қалды, ал кейбір ойыншылар шаршап қалды. Сол себепті матч барысында позиция деп көп айттым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров