Жарнама
Жарнама

«Қайрат» өз алаңында «Ақсудан» басым түсті

25.07.2022, 04:02
Алматылық клуб Қазақстан кубогіндегі үш матчта да жеңіске жетті
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан кубогінің үшінші турында «Ақсумен» күш сынасты. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 38-минутында Вячеслав Швырев есеп ашты. Бұл голға 55-минутта Арман Смайылов жауап қатты. Бірақ үш минуттан кейін Артур Шушеначев «Қайратты» алға шығарды. Ал 79-минутта Гүлжігіт Алықұлов пенальтиді сәтті орындады. Дегенмен, 91-минутта Мирас Тұрлыбек есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартты.

Қатарынан үш матчта жеңіске жеткен алматылық клуб 9 ұпаймен А тобында көш бастады. Бірде-бір ұпайы жоқ «Ақсу» соңғы орында қала берді.

«Қайрат» – «Ақсу» – 3:2

«Қайрат»: Вадим Ульянов (қ) – Сергей Кейлер (к), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Егор Ткаченко – Мирас Көбеев, Адам Адахаджиев, Данияр Үсенов – Вячеслав Швырёв, Еркебұлан Сейдахмет, Артур Шушеначев;

«Ақсу»: Марсель Исламқұлов (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (к), Али Гаджибеков, Фейт Обилор, Қайрат Жырғалбек уулу – Ұлар Жақсыбаев, Анатолий Красотин, Дмитрий Бачек – Асланбек Кәкімов, Ислам Жилов, Арман Смайылов;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров