Жарнама
Жарнама

«Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» еш қиындықсыз жеңді

09.08.2021, 02:00
«Қайрат» осы жеңісіне қарамай үшінші орыннан көтеріле алмады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Қайрат" пен "Жетісу" комардалары өзара мықтыны анықтады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

Ойынның бар-жоғы 4-минутында Артур Шушеначев есеп ашты. Ал 18-минутта "Жетісу" қорғаушысының қақпашыға берген пасы жетпей қалды. Нәтижесінде допқа Артур иелік етіп, дубль жасады. 61-минутта әріптесінен пас алған Раде Дугалич алыстан соққы жасап, ойынның нүктесін қойды.

"Қайрат" сенімді жеңістен кейін 6 ұпаймен Д тобында үшінші орынға тұрақтады. "Жетісу" 4 ұпаймен соңғы орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров