Жарнама
Жарнама

«Қайрат» пен «Сарыарқа» клубтары сатылады

06.08.2014, 16:56
Жарнама
Жарнама
Алматылық «Қайрат» футбол клубы мен қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасы приватизацияланбақ. Клубтар мемлекеттің дүние-мүлкін жекешелендіру жобасының аясында сатылмақ. «КТК» арнасының хабарлауы бойынша, мемлекеттің дүние-мүлкін жекешелендіру тізіміне облыстық газеттер, вагон құрастыратын зауыттар, «Қайрат» футбол клубы, «Сарыарқа» хоккей командасы, Сыртқы істер министрлігінің 3 шипажайы, Денсаулық сақтау министрлігінің 4 институты, Қаржы министрлігінің Қаржы академиясы, "Қазақ энциклопедиясы", «Қазақфильм» секілді бас-аяғы 782 нысан енген. Алдағы уақытта бұл тізім кеңейе түспек. - Барлығы да коммерциялық бағада сатылады. Төменгі баға немесе купон түріндегі ақша айналымы мен кепілхат арқылы берілмейді, - деді ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленов. Бірінші айналым қорытындысында екінші орынмен премьер-лига ойындарын аяқтаған «Қайрат» футбол клубы мен өткен жылы «Братина» кубогын иеленген «Сарыарқа» жақын уақытта жекеменшікке өтіп кетуі ғажап емес. Ал сатылым құны әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттің дүние-мүлкін жекешелендіру жобасы 2016 жылға дейін аяқталады жоспарланып отыр. Жекеменшікке өткен нысандар мемлекетке орасан пайда келтіреді деп болжануда. massaget.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров