Жарнама
Жарнама

«Қайрат» пен «Шахтердің» Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы ойындары кейінге қалдырылды

21.08.2021, 16:18
Екі матчта бір ай кейінге шегерілді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Кубогінің 1/4 финалындағы «Қайрат» пен «Қайсар» және «Тараз» бен «Шахтер» арасындағы ойындар кейінге қалдырылды.

«Қайрат» пен «Шахтер» клубтарының УЕФА Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетуіне орай және тығыз ойын кестесіне, Люксембург пен Израильге ұзақ уақыт ұшуына байланысты, «Қайрат» - «Қайсар» және «Тараз» - «Шахтер» жұптарының алғашқы ойындары 22 қыркүйекте өтеді, ал қарымта кездесулер - 27 қазанға жоспарланған», - делінген ҚКФЛ жасаған мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Қайрат» 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда «Фола» командасын қабылдайды. Ал «кеншілер» Израильге қонаққа барады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров