Жарнама
Жарнама

«Қайрат» пен «Тобыл» тең тарқасты

20.04.2021, 02:00
Бұл матчта голдан бөлек, қызыл қағаз бен соғылмаған пенальтиге куә болдық.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында қостанайлық "Тобылмен" кездесті матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

"Тобыл" ойын бастала салысымен есепте алға шықты. Небәрі 2-минутта команда капитаны Азат Нұрғалиев мергендігімен көзге түсті. Ал 20-минутта Хосе Канте жауапты голды соқты. 67-минутта дәл осы Канте дубль жасап, командасына жеңіс сыйлағысы келіп еді. Алайда, алаңға қосалқы құрамнан шыққан Неманья Николич Премьер-лигадағы дебюттік голын соғып, "Тобылды" жеңілістен құтқарды. Матчтың ең қызық жері 80-минутта басталды. Камо Оганесян қызыл қағаз алып, алаңнан қуылса, Нұралы Әліп 11 метрлік айып добынан гол соға алмады.

Бір ұпайды қанағат еткен қос команда турнирлік кестедегі өз позицияларын сақтап қалды. "Қайрат" (12 ұпай) үшінші орынға, ал "Тобыл" (12 ұпай) төртінші орынға жайғасты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров