Жарнама
Жарнама

«Қайрат» премьер-лигада қала ма?

03.10.2011, 18:04
Жарнама
Жарнама

Қазақстан премьер-лигасының 29-тур ойындары болып өтті. Онда алматылық «Қайрат» өз алаңында қызылорданың «Қайсарын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Десе де бұл жеңістен кейін де «Қайраттың» турнир кестесіндегі жағдайы мәзх емес, 1-лигаға түсіп қалу қаупі тұр.

Ойынның алғашқы жартысында командалар алма-кезек шабуылдар жасап, алыстан соққылар бағыттап жатты. Қос ұжымға да бұл күні әрбір ұпайдың маңызы бар еді. Себебі екі команда да турнир кестесінің «қауіпті» аймағында орналасқан. Қалған 3-турдың ішінде осы екі команданың қайсысы премьер-лигамен қош айтысатынын біліп те қаламыз. Ал, әзірге екеуінің де мүмкіндігі бар. Сол мүмкіндіктің алғашқысын алматылықтиар молынан пайдаланғысы келді. Және айып алаңының ішінде қолмен ойнаған Азиз Анарметов «Қайсар» командасын алаңда 10 ойыншымен қалдырды. Бас төреші оған бірден қызыл қағаз көрсетті. Дәл осы жерде белгіленген пенальтиді Ахмет Алайдаров қайтарғанымен, қайтара келіп соққы жасаған Головскойдың добын тосы мүмкін болмады.

Алаң иелері сапынан көзге түскен Мұрат Сүймағанбетов осы кездесуді жақсы өткізді. Жылдам ұйымдастырылған қарымта шабуылдардың көбісі Мұраттың арқасында болып жатты. Ол бірде айып алаңына суырылып кіріп, соққы жасаса, бірде әріптестерін ұрымтал сәтке шығарып жатты. Сондай сәттердің бірін голға айналдырған Сүймағанбетов 59-минутта есепті 2:0-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Қайратта» 18 ұпай. Қалған үш ойында алматылықтар бәсекелестерінен қалып кеткен 3 ұпайдың есесін қайтаруы тиіс. Әйтпесе... «Қайрат» — «Қайсар» 2:0 (1:0) Голдар: Головской 29, Суюмагамбетов 58 Соғылмаған пеналти: Головской 29 Ескертулер: Коструб 81 — Семлер 51, Стахив 78, Байжанов 87 Алаңнан қуылған: Анарметов 27 «Қайрат»: Шекель, Воротников, Сүймағамбетов (Климов 90+3), Горячий, Головской, Шестаков, Коструб, Джорджевич, Кинг, Шакин, Хасенов Қосалқы құрам: Атантаев, Кирильчик, Балтиев, Әбуғалиев, Тілегенов, Мансуров «Қайсар»: Нарзикулов, Көшеков (Головешкин 60), Семлер, Эсатов, Стахив, Ибраев, Малков (Байжанов 72), Молдақараев, Эдейпо (Тағыберген 52), Сыздықов, Анарметов Қосалқы құрамда: Алайдаров, Црногорац, Сағындықов, Перич Төрешілер: Искаков (Астана), Балахонов, Обрядов (екеуі де — Семей) 30 қыркүйек. Алматы. Орталық стадион. 1000 көрермен
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров