Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Премьер-лигадағы ең жас команда атанды

13.04.2021, 03:47
«Қайрат» жас футболшыларды алаңға шығару жағынан да алғашқы орында тұр.
Жарнама
Жарнама

Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) футболдағы статистикалық ақпараттарға сүйене отырып жаңа есеп жариялады. Бұл жерде Қазақстан Премьер-лигасының клубтары туралы мәліметтер де жазылған.

Аталған есепте командалардың орта жастары мен 21 жасқа дейінгі футболшылардың алаңда өткізген уақыттары енгізілген. CIES жалпы саны әлемдегі 71 дивизионының 999 клубына зерттеу жүргізген.

ҚПЛ-дағы ең жас құрам «Қайратқа» (25,8 жас), ал ең егде құрам - «Тобылға» (30,1 жас) тиесілі екен. Алматылық клуб жас ойыншыларды алаңға шығару жағынан да алғашқы орында тұр - 15,5%. Бұл көрсеткіш жағынан ең соңғы орынға «Каспий», «Қызыл-Жар СК», «Ақжайық» пен «Тобыл» жайғасқан (0%).

ҚПЛ клубтары бойынша CIES ұсынған статистика:

«Қайрат» — 15,5%, 25,8 жас

«Ақтөбе» — 11,5%, 27,1 жас

«Қайсар» — 10,0%, 27,4жас

«Жетісу» — 6,2%, 26,9 жас

«Тараз» — 5,5%, 27,5 жас

«Атырау» — 5,1%, 27,9 жас

«Ордабасы» — 5,1%, 28,9 жас

«Астана» — 3,2%, 27,7 жас

«Тұран» — 2,4%, 29,5 жас

«Шахтер» — 1,1%, 27,7 жас

«Каспий» — 0,0%, 28,0 жас

«Қызыл-Жар СК» — 0,0%, 28,2 жас

«Ақжайық» — 0,0%, 28,9 жас

«Тобыл» — 0,0%, 30,1 жас.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров