Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан кубогінен түскен жүлде қорын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталыққа аударды

03.12.2021, 21:13
Алматылық клуб 60 миллион теңгеге ие болған еді.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайраттың» жаттықтырушылар штабы мен футболшылары бірауыздан Қазақстан кубогінен түскен жүлде қорын «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Еске салайық, Қазақстан кубогіндегі жеңісі үшін «Қайрат» 60 миллион теңге ақшалай сыйақы алған болатын.

«Мейірім» орталығы бір жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің дамуы, қарым-қатынасы және білім алуы үшін қолайлы жағдай жасаған Қазақстандағы алғашқы үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып табылады. Орталықтың мақсаты – дамуында ауытқуы бар, бірқатар себептерге байланысты көмек ала алмай жүрген балаларға көмек көрсету.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров