Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан кубогінің иегері атанды

29.11.2021, 04:30
Нағыз финалға лайық ойын болды. 6 гол соғылып, пенальти сериясы ұзаққа созылды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кубогінің финалында "Қайрат" пен "Шахтер" клубтары күш сынасты. Ақтық матч "Астана Аренада" өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 6-минутында Вагнер Лав Хосе Кантеден пас алып, жылдам гол соқты. Ал 40-минутта Рикарду Алвештің бұрыштамадан асырған пасы қақпа бағанына тиіп, Вагнердің аяғына дөп келді. Ал бразилиялық шабуылшы ашвқ қақпаны көздеуде еш қателеспеді.

Екінші тайм бастала салысымен "кеншілер" есеп айырмасын қысқартты. Мавутордың жасаған соққысынан кейін Покатилов керемет сейв жасап еді, допқа бірінші жеткен Михаил Габышев командасының бұл ойындағы алғашқы голын соқты. Ал 75-минутта Владимир Хозиннің әуелете асырған пасына Мартин Тошев басын дәл қойып, таразы басын теңестірді.

Ойынның алғашқы экстра-таймында Айдос Тәттібаев пенальтиден гол соғып, командасын алға шығарған еді. Алайда Артур Шушеначев жауапты голды соғып, матч пенальти сериясына ұласты. Ал бұл лотереяда "Қайраттың" асығы алшысынан түсіп, 9:8 есебі тіркелді.

Осылайша, алматылық клуб өз тарихында 10-шы мәрте Қазақстан кубогін бастарынан жоғары көтерді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров