Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы алғашқы матчта жеңіске жетті

23.09.2021, 03:04
Құрбан Бердыев шәкірттері бұл жолы жауапсыз үш гол соқты.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Қайсармен» кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 40-минутта соғылды. Бұрыштамадан асырылған пас Нұралы Әліпке тиіп, Вагнер Лавтың басына дәл келді. Ал бразилиялық шабуылшы ашық қақпаны көздеуде еш қателеспеді. 75-минутта Вагнердің пасынан кейін Хосе Канте есепті еселеді. Ал 94-минутта Рикардо Алвеш ойынның нүктесін қойды.

Қос команда арасындағы жауапты кездесу 27 қазанға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров