Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды

08.10.2021, 02:18
Алматылық клуб тарихында алтыншы мәрте ел Суперкубогін жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

Нұр-Сұлтандағы «Сайран Арена» спорт кешенінде футзалдан Қазақстан Суперкубогінің матчы өтті.

Кубокты елдің қазіргі чемпионы алматылық «Қайрат» пен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Атырау» сарапқа салды.

Матч 5:2 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды. Осылайша, алматылық клубтың ойыншылары алтыншы мәрте Суперкубокті бастарынан жоғары көтерді.

Жеңімпаздар сапында Эдсон дубль жасады, одан бөлек, Ранжел, Альберт Ақбалықов пен Витао көзге түсті. «Атырау» құрамында Жомарт Тоқаев пен Эрик Данило гол соқты.

Бұл 2021/22 жылғы маусымның тұсаукесер матчы болды, екі күннен кейін ел кубогі жолында тартысты бәсеке басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров