47 жастағы маман Сергей Ребров Украина құрамасының бас бапкері болып тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" басылымы
Дереккөздің хабарлауынша, маман "Аль-Айнмен" келісім-шартты бұзуға келіскен және дүйсенбі күні Украина құрамасының бас бапкері ретінде таныстырылады. Ол бір апта бұрын қызметінен кеткен Андрей Шевченконың орнын басады.
Ребровтың "2 + 1" жүйесі бойынша келісімшартқа отырады. Осылайша, ол Украина құрамасымен бірге 2022 жылғы Әлем чемпионаты мен 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Украина-2022 әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен бір топта ойнауда. Бір айдан кейін командалар Нұр-Сұлтанда кездеседі. Матч 1 қыркүйекте "Астана Аренада" өтеді.
Біздің серіктес: FONBET