Жарнама
Жарнама

«Қайрат» «Қызыл-Жарды» минималды есеппен жеңді

20.09.2021, 02:00
Артур Шушеначев соққан жалғыз гол «Қайратқа» жеңіс сыйлады
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында «Қайрат» пен «Қызыл-Жар» өзара мықтыны анықтады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Қазаұстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев 76-минутта соқты. Бұл оның осы маусымдағы 10-голы болды.

Жеңіс тойын тойлаған Құрбан Бердыевтың командасы 40 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орынға табан тіреді. Ал петропавлдық ұжым 32 ұпаймен бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров