Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ресейлік клубқа жол берді

19.02.2022, 00:15
Алматылық клуб Түркиядағы төртінші жеңілісіне ұшырады.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Сочиден» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алматылық клуб сапында Данияр Үсенов пенальтиден гол соқты.

«Қайрат»: Вадим Ульянов (қ) - Дамир Қасабулат, Маки Баньяк, Арсен Буранчиев, Сұлтанбек Астанов - Яцек Гуральский (к), Антон Крачковский, Гүлжігіт Алықұлов, Еркебұлан Сейдахмет - Данияр Үсенов, Хосе Канте.

Бұл «Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы төртінші жеңілісі болды. Бұған дейін алматылық клуб босниялық «Борацқа» (1:2), өзбекстандық «Навбахорға» (0:1) және киевтік «Динамоға» (0:4) есе жіберген болатын.

Ресей Премьер-лигасының ағымдағы маусымында «Сочи» көшбасшы командадан 7 ұпайға қалып, үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров