Жарнама
Жарнама

"Қайрат" РПЛ-дың тағы бір футболшысын өз қатарына қосуы мүмкін

08.02.2017, 23:18
Жарнама
Жарнама
Тулалық "Арсеналдың" футболшысы Фелисио Браун Форбс "Қайраттың" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында қаралымда жүр екен. Германияның Берлин қаласында туылған 25 жастағы спортшы Ресейдің "Крылья Советов", "Уфа" және "Томь" футбол клубтарында ойнаған. Тулалық "Арсеналдың" сапына 2016 жылдың 1-ші қаңтарында қосылып, команда сапында осы маусымда 14 ойында 2 гол соғыпты. Қорғаныстың оң қапталында өнер көрсететін, онымен қоса жартылайқорғаныста да ойнай алатын Форбс Германия жастар құрамасының да намысын қорғаған екен. Сондай ақ, Коста-Рика ұлттық құрамасының жейдесін киіп бір мәрте алаңға шыққаны бар. Transfermarkt.de сараптаушыларының бағалауынша футболшының бағасы-500 000 еуро.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров