Жарнама
Жарнама

“Қайрат” соқса, “Қайсар” соқпас; “Шахтер” соқса, “Ертіс” соқпас- әттең голдың кемдігі-ай

18.03.2015, 07:11
Жарнама
Жарнама
Қазақ даласында футбол тойы басталғалы бері премер лиганың үш турына куә болдық. Осы аралықта үш ойындада жеңген команданы да; үш тур бойы жеңіске жете алмаған команданы да; тіпті үш кездесу бойы гол соға алмай жүрген команданы да көрсекте, турлар бойы топырлаған голды, тамаша тактиканы көре алмаудамыз. Жасыл алаңның шаңын шығарып 90 минут жүгіргенімен нөлдік нәтижені бұза алмай тең тарқасатын ойындар да көбірек болуда...   Бүгін біздің сөз еткелі отырғанмыз, “Астананың” айбаты да, Алматының “Қайраты” да емес; “Тобыл” мен “Таразадың” тұсалған аттай адымдары ашылмай тұрғаны да емес, әзірге дейін өткен он сегіз ойнда соғылған голдың отызға толмағаны болып отыр. ҚПЛ- да қашаннан бері де гол аз соғылады дегенмен де, мұндай көрсеткіш біз көргіміз келген көрініс емес екені сөзсіз...   Атақты “Ақтөбенің” өзі үш ойында екі-ақ гол жазды еншілеріне; Алматының “Қайраты” алты гол соқты дегенімізбен, соның тең жартысы пеналтидің есебінен. Әзірге жеті гол соғып үлгірген “Астанаға” да осы пеналтидің пайдасы тигені бар. Ал “Жетісу”, "Қайсар", “Тобыл” клубтарына гол соғудың өзі мұң болып жүр...     Енді салыстыру жасап көрейік: бізден деңгейі төменірек деп саналатын Өзбекстан біріншілігінің алғашқы туырнда 18 гол соғылған екен. Бұларда 16 команда бар дегенмен, біздің бірінші турда бар болғаны 10 гол соғылғаны, алғашқы үш тур өтседе командалардың нәтижелі ойын көрсете алмай жүргенін ескерсек Өзбек бауырларымыз өз қарсыластарына бізге қарағанда “қатігездік” танытатын секілді... Ал Әзербайжан ағайындарымыз әлде қайда мықты екен бұл салада: перемер лигаларында бар болғаны 9 команда болсада 22 турдан кейін есптегенде, әр турда орта есеппен 27 голдан соғып отырыпты. Ал Украина чемпионатында әр турда орта есппен 17 голдан соғылып тұрады екен. Біздерге қарағанда сәл танымалдылығы жоғары Ресей біріншілігінде жанкүйер қауым әр апта сайын 19 гол көре алады екен... Енді бүкіл әлем көз тігетін топ чемпонаттарға назар салайық: Англия премер лигасы- әр турда орта есеппен 25 гол. (20 команда) Испания ла лигасы- әр турда 26 гол. (20 команда) Германия бундеслига- 25 гол. (18 команда) Бұлар Еуропа чемпионаттарындағы ең нәтижелі біріншіліктер саналады. Ал бұл үшеуіне қарағанда сәл төмендеу саналатын Италия, Франция лигаларында да гол аз соғылмайтынын байқадық: Италия А бірлеспесі- 25 гол. (20 команда) Франция бірінші лигасы- 24 гол. (20 команда) Басқа біріншіліктердің мүмкіндіктерін саралап көргеннен кейін өз елімізге қайта оралайық. Өкініштісі, өзіміздің премер лиганың көрсеткіші көңілімізді су сепкендей басары сөзсіз. Өйткені, үш турдан кейін біздің 12 команда орта есеппен әр турда 9 голдан соққан екен. Енді салыстыра беріңіз Өзбекпен, Әзербайжанмен, Укараиынмен; Еуропа чемпионаттарымен де қатар қойып бір қараңыз. Парықтың қаншалық зор екенін сізде байқағаныңыз сөзсіз... Ендеше, біз неге көп гол көре алмаймыз? Біздің шабуылшылардың шанағы шақты ма; жоқ, қорғаушыларымыз тас қамал, қақпашыларымыз қатты мықты ма? Жауыбы жоқ сұраулар бұл. Кейде тіпті, әлде, біздің алаңдаңдардың қақпалары кішкентай ма деген күлкілі сұраудың да туатыны бар. Қысқасы, есіл-дертін Еуропадан ел ішіне аударып, өз чемпионатымыздың шеберлігіне сүйінгісі келетін жанкүйер қауымның көп гол көріп көңілдері көтерілетін кез қашан туар екен деген заңды сұрақ мазалайды да тұрады... Қуанышхан ӨМІРХАН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров