Алматылық «Қайрат» Ел біріншілігінің бірінші кезеңін сәтті аяқтады.
Алматылық команда сапынан Жерар Гоу есепті 22-ші минутта ашты. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы қос қарсыластың қақпасына гол соғылмады. Тек 83-ші минутта Луниннің қақпа маңына асырған добын Абдуллин сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соғып алды. Ал қосымша уақытта жарақатынан жаңа айыққан Аслан Дарабаев айып алаңының сыртынан қақпаның тоғыздығые дәл көздеп, есепті еселеді.
Бұл жеңіспен «Қайрат» Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңін екінші орынмен аяқтады.
«Атырау» (Атырау) – «Қайрат» (Алматы) 0:3 (0:1)
Голдар: 0:1 – Гоу (22), 0:2 – Абдулин (84, автогол), 0:3 – Дарабаев (90+3)
www.prosport.kz