Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта "Фола" командасын сенімді түрде жеңді. Люксембургтегі "Жози Бартель" стадионында өткен матч 1:4 есебімен аяқталды.
Ойырдағы алғашқы голды алаң иелері соқты. Босниялық футболшы Мирза Мустафич 18-минутта мергендігімен көзге түсті. Бірақ 28-минутта Артур Шушеначев Вагнер Лавтың пасынан кейін таразы басын тең қылды. 37-минутта керісінше, Вагнер Лав Артурдан пас алып, командасын алға шығарды. Алты минуттан кейін Рикарду Алвештің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Ойынның нүктесін 69-минутта Вагнер Лав қойды. Оның пенальтиден тепкен добын қақпашы қайтармақ түгілі, доптың ұшу бағытын дәл таба алмады.
Айта кетейік, жауапты матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET