Жарнама
Жарнама

«Қайрат» трансферлік терезеде жаңа ойыншылар алмайды

03.02.2022, 17:08
Тек аз жалақымен ойнауға келісетін еркін агенттерді қатарға қосуы ықтимал.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубы трансферлік терезеде жаңа ойыншыларды қатарға қоспай, келісім-шарты бар ойыншыларға бәс тігеді.

AlatauFans парақшасының хабарлауынша, алматылық клубтың трансферлік саясаты үш бағытта құрылған:

- «Қайрат» академиядан шыққан және командада қалған ойыншыларға сенім артады;

- Клуб тек шағын қаржылық шарттармен ойнауға келісетін еркін агенттерді қатарға қосуы мүмкін;

- Сондай-ақ «Қайрат-Мәскеу» командасының ойыншыларымен келісім-шарт жасасуы ықтимал.

Бұған дейін алматылық клуб Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Максим Карповтың қызметінен бас тартқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров