Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ЦСКА қорғаушысын сатып алды

22.02.2022, 19:56
Ойыншының трансферлік құны да белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» ЦСКА-ның 33 жастағы ресейлік қорғаушысы Виктор Васиннің командаға қосылғанын хабарлады.

Келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, трансфер құны 100 000 еуроны құраған.

Ойыншы алматылық клуб сапында бұған дейін Нұралы Әліпке тиесілі болған 4-нөмірмен өнер көрсетпек.

Виктор Васин ЦСКА клубымен үш рет Ресей чемпионы атанды, екі рет ел кубогі мен суперкубогін жеңіп алды.

Сондай-ақ қорғаушы Ресей құрамасында 13 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 2 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров