Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ЦСКА қорғаушысын сатып алмақ

18.02.2022, 14:51
Трансфер құны және келісім-шарт мерзімі белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Мәскеулік ЦСКА клубының қорғаушысы Виктор Васин «Қайратқа» ауысады, деп хабарлайды «Инсайды от Карпа» телеграм арнасы.

«Қазақстандық «Қайрат» ЦСКА-дан 2022 жылдың жазында мәскеуліктермен келісім-шарт мерзімі аяқталатын орталық қорғаушы Виктор Васинді сатып алды. Трансфер құны ауыз толтырып айтатындай сома емес.

ЦСКА жалақыға арналған төлемді азайтқысы келеді. 33 жастағы ойыншының кетуімен клуб шамамен 300 мың еуро үнемдейді (жалақының қалған бөлігі), бірақ Васин алматылық клубта өзіне лайықты келісім-шартқа ие болады.

«Қайрат» Виктордың мансабын қайта жандандырғысы келеді, сондықтан олар қорғаушымен бір жылдық келісім-шартқа отырды, бірақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған», – деп жазылған дереккөздің хабарламасында.

Еске салайық, Васин ЦСКА сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда 33 жастағы қорғаушы Ресей Премьер-лигасының бес матчына қатысты. Васин «Спартак Нальчик», «Нижний Новгород», «Мордовия» және «Уфа» командаларында да өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров