"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры қарсаңында "Қайратты" қабылдады. Матч "Түркістан Арена" стадионында өтіп, 0:3 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті.
Ойынның 12-минутында Вагнер Лав пенальтиден гол соқты. Ал 47-минутта Артур Шушеначев Хосе Кантенің пасынан кейін есепті еселеді. 76-минутта Арсен Буранчиевтің айып алаңның сыртынан жерлете жасаған соққысы қақпа торында тулады.
Өз алаңында жеңілген "Тұран" 16 ұпаймен он бірінші орында қалды. Кирилл Кекер жаттықтыратын алмытылық клуб 30 ұпаймен үшінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET