Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Украина чемпионынан оңбай ұтылды

16.02.2022, 15:09
Алматылық клуб қақпасына жауапсыз төрт гол өткізіп алды.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында киевтік «Динамодан» 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) - Дамир Қасабулат, Маки Баньяк, Арсен Буранчиев, Сұлтанбек Астанов - Яцек Гуральский (к), Антон Крачковский, Гүлжігіт Алықұлов, Еркебұлан Сейдахмет - Данияр Үсенов, Вячеслав Швырев

Бұл «Қайраттың» оқу-жаттығу жиынындағы қатарынан үшінші жеңілісі болды. Бұған дейін алматылық клуб босниялық «Борац» (1:2) пен өзбекстандық «Навбахорға» (0:1) есе жіберген болатын.

Құрбан Бердыев шәкірттері келесі кездесуін 18 ақпанда ресейлік «Сочиге» қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров