«Қайрат» футзал клубы Венесуэла құрамасының 26 жастағы қорғаушысы Карлос Санзды қатарға қосты.
Келісім-шарт мерзімі 2023 жылдың маусымына дейін есептелген. Ойыншы алматылық клубта 18 нөмірмен ойнайтын болады.
Санз 2014 жылдан бері Венесуэла құрамасында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін Италия, Хорватия, Перу және Эквадор чемпионаттарында доп тепті.
Алматылық «Қайрат» бірнеше күн бұрын 24 жастағы ресейлік қорғаушы Андрей Графскиймен келісім-шартқа отырған болатын.
Біздің серіктес: FONBET