Жарнама
Жарнама

«Қайрат» жалпы құны 8 млн. еуро тұратын футболшылармен қош айтысты

24.12.2019, 03:04
Жарнама
Жарнама

Алматының «Қайраты» маусым аяқталысымен бас-аяғы 8 футболшымен еңбек келісім-шартын үзді. Немістің Transfermarkt.de порталының бағалауынша аталған футболшылардың жалпы құны 8.2 млн. еуроны құрайды.

Бұл қатарда Бауыржан Исламхан (2.4 млн еуро), Исламбек Қуат (1.8 млн еуро) және Георгий Жуков (1.2 млн еуро), Елдос Ахметов (700 мың), Мартон Эппель (1.1 млн еуро), Сергей Политевич (600 мың), Магомед Парагульгов (400 мың), бар. Жуков өткен айда Краковтың «Висла» командасына ауысқан болатын.

Айта кетейік, Алматы ұжымы әзірге ешқандай жаңа ойыншы сатып алған жоқ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров