Алдағы бірнеше аптада "Қайрат" клубының қаржылық жағдайы шешілетін болады, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.
"Қайрат" басшылығы мұнай-газ секторының әлеуетті демеушісімен келіссөздер жүргізуде. Екі тарап келісімге келді, тек қол қою ғана қалды.
Жаңа демеуші алматылықтарға үлкен ақша бөліп қана қоймайды, сонымен қатар клубтың мәселелеріне белсенді қатысуға, жобаның дамуына көмектесуге ниетті. Бұл компания "Қайраттың" жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Біздің серіктес: FONBET