Жарнама
Жарнама

«Қайрат» жаңа директор тағайындады

01.02.2022, 21:18
40 жастағы маман бұған дейін де спорттың төңірегінде жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубының жаңа бас директоры қызметіне Есімов Асқар Асылбекұлы тағайындалды.

40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен.

Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына қосқан баға жетпес үлесі мен жұмысы үшін, 2015 жылы Асқар Асылбекұлы «Ерен еңбегі үшін» наградасымен марапатталды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров