Жарнама
Жарнама

«Қайрат» «Жетісуды» тас-талқан етті

02.07.2020, 00:56
«Қайрат» Шпилевскийдің ақылынсыз-ақ қонақтарды еш қиындықсыз жеңе білді.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» өз алаңында Премьер-лиганың үшінші турындағы ойынында Талдықорғанның «Жетісу» командасын 3:0 есебімен жеңді.

Матч толықтай алматылық команданың бақылауында өтті. Матчтың 12 минутында Косовичтің керемет пасынан кейін Камо Оганесян өзінің бұрынғы командасына матчтағы алғашқы голды соқты. Ал матчтың 56 минутында Конрад Вржещинский есепті 2:0-ге жеткізді. 65 минутта алаңға шыққан жас шабуылшы Шученачев 92 минутта командасының 3-ші голын салып, "Жетісудың" үмітін су сепкендей басты.

Осылайша "Қайрат" турнирлік кестеде 9 ұпаймен көш бастаса, "Жетісу" 8-ші орыннан бір-ақ шықты. "Қайрат" келесі матчта Ақтауда "Каспиймен" кездесу өткізеді, ал "Жетісу" өз алаңында "Ордабасыны" қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров