Жарнама
Жарнама

«Қайратты» Огай жаттықтырады

23.12.2011, 17:04
Жарнама
Жарнама
Маусымаралық үзіліс болса да еліміз футболына қатысты жаңалық көп. «Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, ала допты серік еткен ағайындар келесі маусымға ерте бастан қамдануда. Қазақ футболы десек, бірінші кезекте даңқы алысқа кеткен Алматының «Қайраты» көз алдымызға келеді. Бірақ баяғы қайраты мен атақ-даңқынан айырылған алматылық клуб келер жылы тағы да төменгі топта сынақ тапсырмақ. Дегенмен команданы қанатының астына алған демеушісі «Қазросгаз» ЖШС басшылары «Қайратты» суперклубқа айналдырамыз» деп батыл мәлімдеме жасады. Оның қаншалықты шындыққа жанасарын уақыты жеткенде білерміз, әзірге алматылық команданың бас бапкер ретінде Дмитрий Огайды таңдағанын айта тұралық. Бірнеше жыл қатарынан Қостанайдың «Тобылын» жаттықтырған отандық маман соңғы маусымда Ресейді жағалап кеткен еді. Ол аталған елдің санаты жөнінен екінші тұратын тобында Екатеринбургтің «Урал» командасын жаттықтырды. Клуб басшылығы Огайдың алдына Премьер-лигаға шығу міндетін қойған болатын. Бірақ бастапқыда тәп-тәуір нәтиже көрсеткен «Урал» көп ұзамай жиі сүріне бастады. Сол себепті клуб жетекшілері қазақстандық маманмен арадағы келісімшартты бұзуға мәжбүр болған еді. Бұған Огайдың өзі де кетәрі емес-тін. Осылайша елге қайта оралған Дмитрий Огай бір кездері өзі футболшы ретінде намысын қорғаған «Қайратты» жаттықтыруға келісімін берді. Дмитрий Огай 2002 және 2003 футбол маусымында Кереку өңірінің «Ертісімен» ел біріншілігінің алтын жүлдесіне қол жеткізген болатын. 2005 жылдан бастап ол Қостанайдың «Тобылын» жаттықтырып, Қазақстан чемпионатының екі рет күміс және бір рет қола жүлдесін еншіледі. 2002 және 2005 жылдары Дмитрий Огай Қазақстанның үздік бапкері болып танылды. айқын
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров