Жарнама
Жарнама

«Қайратты» жаттықтыратын жаңа бас бапкердің есімі белгілі болды

22.08.2021, 14:29
Дереккөздің хабарлауынша, бұл туралы бүгін ресми түрде хабарланады.
Жарнама
Жарнама

Алматылық "Қайрат" жақын арада жаңа бас бапкер тағайындайды, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы.

"Жексенбі, 22 тамыз күні "Қайрат" жаңа бас бапкерін таныстырады. Мүмкін бұл қазірдің өзінде Алматыда жүрген ресейлік маман Дмитрий Кириченко болар. Менің ойымша, алматылық клубты Құрбан Бердыев тігіндейді, ал Кириченко оның көмекшісі болады, өйткені "Ростовты" жаттықтырған кезде Құрбан Бекиұлына дәл осы Дмитрий Сергейұлы көмектескен еді.

Қазақстан чемпионатының аяқталуына жеті тур ғана қалды, сондықтан енді "Қайратпен" де, жалпы қазақ футболымен де мүлде таныс емес маманды тағайындаудың еш мәні жоқ.

Осылайша, 26 жылдан кейін Бердыев қайтадан "Қайратты" өз қолына алады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық клуб 2021 жылғы маусымды Алексей Шпилевскийдің жетекшілігімен бастады, маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді. Ал қазір бас бапкердің міндетін уақытша Артём Гавриленко атқаруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров