Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бас директоры басқа қызметке тағайындалды

01.02.2022, 19:07
Бұл маман 2020 жылдың үздік менеджері атанған.
Жарнама
Жарнама

Баймуханов Марат Бүркітұлы «Қайрат» ФК-ның бас директоры қызметінен босатылып, бақылау кеңесінің мүшесі болып бекітілді.

2015 жылы Марат Бүркітұлы негізгі команданың басшысы қызметіне келіп, сол уақыттан бері нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Әкімшілік-шаруашылық істері департаментінің басшысы және клубтың бас директоры қызметінде де болған.

2020 жылғы чемпиондық маусымда Марат Бүркітұлы Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысатын клуб басшыларының дауыс беру нәтижесі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасының сол жылғы үздік менеджері атанды.

Марат Бүркітұлы 2022 жылдың 1-ақпанынан бастап бақылау кеңесінің мүшесі ретінде еңбек ететін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров