Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

15.06.2021, 22:44
«Маккаби Хайфа» былтыр алматылық клубты Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен ұшырған еді.
Жарнама
Жарнама

Бүгін Ньон қаласында 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

«Қайраттың» алғашқы кезеңдегі қарсыласы израильдік «Маккаби Хайфа» клубы болды. Дәл осы команда өткен жылы алматылық клубты Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен шығарып тастаған еді. Айта кетейік, «Қайрат» бұған дейін еурокубок бәсекесінде израильдік клубтан айласын асыра алмаған.

Алғашқы матч 6/7 шілдеде Израильде өтеді. Алматыдағы жауапты ойын 13/14 шілдеге жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров