“Қайраттың” экс-бапкері Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысына көз тікті

“Тобыл” мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков кипрлік “Арис” ұжымына ауысады деген ақпарат бар.

Google.com

24-жастағы футболшыға “Аристен” бөлек, “Ахмат” пен “Касымпаша” ұжымдары талас құратын болады. 

“Тобыл” ұжымы өз ойыншысына шетелден келіп жатқан ұсыныстарға қарамастан, Исламды командада қалдыруды мақсат етуде екен. 

“Арис” Алексей Шпилевскийдің баптауымен осы жылды Кипр чемпионы мен Суперкубок иегері ретінде аяқтағалы отыр.