Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс қызметініен кеткенін мәлімдеді.
Словакиялық маман Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчта Солтүстік Македония құрамасынан жеңілгеннен кейін (0:1) осындай мәлімдеме жасады.
«Менің жұмысым аяқталды. Грузиялық жанкүйерлерге, ойыншыларға және журналистерге рақмет. Бұл менің өмірімдегі есте қаларлық өте жақсы бес жыл болды», - деді Вайсс.
Айта кетейік, Владимир Вайсс Грузия құрамасын 2016 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған. Ал оған дейін 2013-2015 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен алматылықтар ҚПЛ-да екі рет күміс және бір рет қола жүлде жеңіп алды. Және екі рет ел кубогында топ жарды.
Біздің серіктес: FONBET