Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» экс-футболшысы «Таразға» ауысуы мүмкін

22.12.2020, 20:53
Қорғаушы қазір еркін агент болып табылады.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" клубының бұрынғы қорғаушысы Нұрлан Даиров "Таразға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Даиров жақында "Қайрат" сапынан кетіп, еркін агент атанған еді. Қазіргі уақытта футболшы жамбылдық клубтың орналасқан жерінде жүр.

Нұрлан Даиров - "Қайраттың" тәрбиеленушісі. 2012 жылы қорғаушы клубтың қосалқы құрамында ойнай бастады. Премьер-лигадағы дебютін 2016 жылы "Ордабасыға" қарсы ойында жасады. Алматылық клубтың жейдесінде небәрі 6 матч өткізді.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Көкшетаудың "Оқжетпесінде" ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров