Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” экс-ойыншысы мансабын аяқтады

28.11.2023, 03:00
Жарнама
Жарнама


 Гвинея мен “Қайраттың” экс-шабуылшысы 33-жаста өз мансабын тамамдап отыр, деп хабарлады Sports.kz порталы.

“Мен зейнетке бақытты әрі зор мақтанышпен кетіп бара жатырмын. Бірақ оған дейін мен барлығына өзімнің шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мені бала кезімнен қалыптастырған футболды   қатты бағалаймын. Барлық жанкүйерлерге рақмет! 

Жанкүйерлерсіз бұл спорт түкке тұрғысыз болушы еді. Маған әр кезде сенім артқан клуб қызметкерлеріне де алғысым шексіз”. 

 Футболшы “Урава Ред Даймонспен” бірге осы маусымды аяқтайды. Содан кейін Канте бутсасын шегелемек жоспарда. 

 Еске салайық, шабуылшы 2021 және 2022 жылғы маусымда “Қайрат” сапында өнер көрсеткен болатын. Алматылық ұжым сапында ол барлығы 52 ойын өткізіп, 23 гол мен 11 голдық пас берген болатын. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров