Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыласы бапкерін ауыстырды

29.06.2022, 14:49
Венгриялық клуб алғаш рет еурокубокте өнер көрсетпек.
Жарнама
Жарнама

Венгриялық «Кишварда» 52 жастағы Ласло Тороктың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады.

Оның PRO UEFA жаттықтырушы лицензиясы бар. Бұған дейін «Хатван», «Кечкемет», «Шентеси» және «Гонвед-2» командаларын жаттықтырған.

Бұған дейін «Кишварданы» Габор Эрош баптаған еді, ол клубты тарихта алғаш рет еурокубокке алып шықты.

Еске салайық, «Кишварда» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайратпен» кездеседі. Бірінші ойын Алматыда (21 шілде), ал екінші ойын Кишвардада (28 шілде) өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров