28 жастағы "Ливерпульдің" қақпашысы Лорис Кариус швейцариялық "Базельге" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Blue News.
Дереккөздің айтуынша, жазда "Базель" "Ливерпуль" қақпашысына қатарға қосуға тырысқан. Алайда швейцариялық клуб пен Кариус келісімге келе алмады. Неміс қақпашысы жалақысын айтарлықтай қысқартқысы келмеді.
Қыста "Базель" Кариусті алу үшін тағы бір талпыныс жасайды. Қақпашының "Ливерпульмен" келісім-шарты маусым соңында аяқталатындықтан, швейцариялық клубқа ауысу мүмкіндігі едәуір артуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, "Базель" - Конференция лигасының топтық кезеңінде алматылық "Қайраттың" қарсыласы.
Біздің серіктес: FONBET