Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыласы қиындыққа тап болды

14.08.2021, 23:34
Команда өз чемпионатындағы матчтарын кейінге қалдыруды жоспарлап отыр.
Жарнама
Жарнама

Люксембургтік «Фола» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайратпен» болатын матч алдында тығыз кестеге байланысты көптеген мәселелерге тап болды, деп хабарлайды Le Quotidien басылымы.

«Фола» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Линфилдті» өз алаңында жеңді (жалпы есеп - 3:1) және плей-офф кезеңіне өтті, онда олар алматылық «Қайратпен» кездеседі.

Матч аяқталған соң, ойыншылардың бірі: «Біз 7 жарым сағат бойы ұшамыз, ал Қазақстан мен бізде 5 сағаттық уақыт айырмашылығы болады», - деп айтқан екен.

«Шындығында, бізді әсіресе «Қайратпен» болатын сырт алаңдағы қарымта матчтан 2 күн өткен соң өтетін «Виктория Роспортқа» қарсы матч алаңдатады. Біз УЕФА ережелерін құрметтейміз, бірақ бұл матчтың қалай өтетінін елестету қиын», - деді «Фоланың» спорттық директоры Паскаль Велтер.

Дереккөздің хабарлауынша, «Фола» Люксембург футбол федерациясына «Дифферданжға» (22 тамыз) және «Виктория Роспортқа» (29 тамыз) қарсы матчтарды кейінге қалдыру туралы өтініш жасайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров