Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыласы «Тобылды» чемпиондық атақпен құттықтады

09.11.2021, 20:18
Кипрлік клуб қостанайлық клубқа сәттілік тіледі.
Жарнама
Жарнама

Кеше «Тобыл» клубының директоры Николай Паниннің атына «Омония» ФК (Кипр) атынан құттықтау хат келіп түсті. Чемпиондық атақпен «Омония» клубы төрағасының орынбасары Димитрос Григори құттықтады.

«Құрметті Николай Борисович! «ОМОНИЯ» ФК және оның барлық жанкүйерлерінің атынан «Тобыл» клубын 2021 жылғы Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтағымыз келеді.«Тобыл» ФК барлық ойыншыларына, жаттықтырушыларына, қызметкерлері мен жанкүйерлеріне құттықтауымызды жеткізуіңізді өтінеміз.

Пандемияға байланысты әлем қиындыққа тап болды. Осы тұрғыда сіздің клубыңыздың жетістігін таңқаларлық нәтиже деп санауға болады, өйткені бұл клубтың барлық күш-жігері мен шығындарын көрсетеді.

«ОМОНИЯ» ФК 2022/23 жылғы жаңа маусымда УЕФА клубтық турнирінде де, Қазақстанның ішкі жарыстарында да сәттілік тілейді. Сіздің клубыңыздың осы өте қиын жылдағы жетістігі алдағы сәтті маусымдарға нық қадам болатынына сенеміз», - делінген хатта.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров