Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» «Лудогорец» клубына беруі тиіс сыйақы мөлшері белгілі болды

13.11.2020, 03:59
Яцек Гуральски «Қайратқа» ауысқанына қарамастан Польша құрамасына тұрақты түрде шақыртылып жүр.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" клубы Польша ұлттық құрамасының ойыншысы Яцек Гуральскийдің бұрынғы клубы "Лудогорецке" сыйақы беруі тиіс, деп хабарлайды Gong.bg.

Болгариялық команда келісімшартқа Гуральский чемпиондық атаққа қол жеткізсе, белгілі бір мөлшерде төлеуді сыйақы алатын тармақ енгізген екен. Өздеріңіз білетіндей, "Қайрат" биылғы маусымда мерзімінен бұрын чемпион атанды, нәтижесінде келісімшартқа сәйкес олар "Лудогорец" клубына 200 мың лев (қазіргі бағам бойынша 51 миллион теңге) төлеуі керек.

Гуральски "Лудогорец" сапында 2017 жылдың жазынан 2020 жылдың қаңтарына дейін ойнады. Осы кезеңде ол 93 кездесу өткізіп, екі рет Болгария чемпионаты мен ел Суперкубогын жеңіп алды.

Қазақстан чемпионатының осы маусымында 28 жастағы жартылай қорғаушы 16 ойын өткізді, бірақ ешқандай тиімді әрекетпен көзге түскен жоқ. Оның алматылық командамен келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров