Алматылық «Қайрат» 20 жастағы шабуылшы Байжан Мәделханның ресейлік «Муром» клубына кеткенін хабарлады.
Жалдау мерзімі келесі жазға дейін есептелген, бірақ алматылықтар қысқы трансфер кезінде ойыншыны қайтарып алуға құқылы.
Мәделхан - «Қайраттың» түлегі. Соңғы бір жыл бойы Ресейдің үшінші дивизионындағы «Қайрат-Мәскеу» сапында өнер көрсетті (34 матч, 5 гол, 3 нәтижелі пас).
Маусым айының ортасында Байжан «Қайраттың» негізгі командасымен екі жылдық келісім-шартқа отырған еді.
«Муром» футбол клубы ФНЛ-2-нің соңғы маусымында «Қайрат-Мәскеуден» бір сатыға озып, турнирлік кестеде төртінші орын алды.
Біздің серіктес: FONBET