Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» жас қақпашысы командадан кетуі мүмкін

19.12.2021, 00:59
Қақпашыға екі клуб қызығушылық танытуда.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Данил Устименко алматылық клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

2021 жылғы маусымда қақпашы «Қайрат» сапында небәрі бес ойын өткізіп, 11 гол жіберіп алған. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Црвена Звездамен» болған сәтсіз ойыннан кейін Устименко «Қайрат-Жастарға» аттанып, ол жақта төрт матч өткізді.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, жақында ғана тәжірибелі қақпашылар Владимир Логиновский мен Жасур Нарзиқұловпен қоштасқан «Атырау» мен «Ақтөбе» Устименкоға қызығушылық танытып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров