Жарнама
Жарнама

«Қайсар» алғашқы бестікке сына қақпақ

05.03.2012, 20:29
Жарнама
Жарнама
Қызылорданың «Қайсары» жаңа футбол маусымында алғашқы бестікке енуге күш салады. Команда басшылары мен ойыншыларын қабылдаған облыс әкімі Болатбек Қуандықов жергілікті ұжымның алдына осындай міндет қойды.  Жылы шырайда өткен жүздесуде облыс басшысы биылғы жылы команданың қаржылық мәселесі толық шешім тапқанын мәлім етті. Өткен жылы «Қайсардың» бюджет қоржынында 359 млн теңге болса, биыл ол 574 млн теңгеге жетіп отыр. Осының нәтижесінде қызылордалық ұжым жаңа маусымға жан-жақты дайындалып, Түркияның Анталия қаласында екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Былтыр аймақтағы іргелі компаниялар, кәсіпкерлер және жекелеген адамдар тартылған «Қайсардың» қамқор­шылық кеңесі құрылған. Оған облыс әкімінің өзі басшылық жасады.  Қуаныштысы, былтыр команда құрамында болған ойыншылардың көбісі үстіміздегі жылы да команданың жейдесін киеді. Шетелден келген ойыншылардың ішінен босниялық Градимир Црногорац пен нигериялық шабуылшы Филипе Эдейпо команда құрамында қалды. Бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» клубында ойнаған бразилиялық шабуылшы Вагнер Перейра Кошта және Қазақстан біріншілігінде алғаш рет бақ сынағалы отырған молдовалық қорғаушы Адриан Кашкавал, серб қақпашысы Неманья Джоджо, Украинадан келген қорғаушы Александр Сытник пен жартылай қорғаушы Евгений Шмаков енді «Қайсардың» сапында тер төгеді. Сондай-ақ осы күнге дейін еліміздің өзге ұжымдарында ойнаған қақпашы Кирилл Прядкин, қорғаушылар Ренат Абдулин, Тимур Досжанов пен Бақыт Әбуов «Қайсарға» келді. Автор: Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда облысы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров